215
БҰҰ Сирияға химиялық қару қолданды деген айып тағуда
БҰҰ Сирияға химиялық қару қолданды деген айып тағуда
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия үкіметін елде бірнеше рет химиялық қару қолданды деп айыптады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Ұйымның тәуелсіз комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, билік әскері 20-дан аса химиялық қару қолданған. Әсіресе Хан-Шейхун қаласында жиі пайдаланған.
Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Сирияның әскери әуе күштері елді мекен маңайына тыйым салынған зарин газымен бомба тастаған еді. Шабуылдан 100-ге жуық адам қаза тапты. Дені – әйелдер мен балалар. 200-дей адам зардап шекті. Шабуылдан кейін Сирия оппозициясы мен Батыс елдері қаруды үкімет жасағы қолданды деп дабыл қақты. Алайда ресми Дамаск шабуылды мойындаған жоқ.