295
ЭКСПО көрмесінің қауіпсіздігін қадағалаған мамандар марапатталды
ЭКСПО көрмесінің қауіпсіздігін қадағалаған мамандар марапатталды
Астанада Ішкі істер министрлігінің 3 мыңнан астам қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Олар – үш айға созылған EXPO 2017 көрмесінің қауіпсіздігін қадағалаған мамандар. Халықаралық шара кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға күштік құрылым өкілдерінің 5 мыңдай қызметкері атсалысты. Олардың қатарында полицейлер, Ұлттық гвардияның сарбаздары, арнайы қызмет мамандары, төтенше жағдай қызметі, курсанттар және жеке күзет мекемелері мен шет тілін білетін еріктілер бар. Барлығы да сенімді ақтап шықты. Осыған орай еліміздің Ішкі істер министрлігі тарапынан марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, 3 276 құқық қорғаушыға Алғыс хат, 10-ына «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалі, 22-сіне бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал кейбірінің лайықты қызметі үшін шені көтерілді.
«EXPO 2017 мамандандырылған көрмесін жауып, 2017 жылы 11 қыркүйекте ІІД басшыларының қолдауымен «майор» шенін алдым. Барлық осы халықаралық EXPO 2017 көрмесіне қатысқан қызметшілерге алғысымды айтқым келеді. Қазақ елі, Қазақстан полициясы жасай берсін!», – деді полиция майоры Дүйсенбаев Саят.