Ақтөбеліктер Сапарбаевтан балабақшадағы астың халал болуын өтінді

Ақтөбеліктер Сапарбаевтан балабақшадағы астың халал болуын өтінді

Ақтөбеліктер Сапарбаевтан балабақшадағы астың халал болуын өтінді
ашық дереккөзі
286

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қеңқияқ ауылының тұрғындары облыс әкіміне хат жолдаған. Бердібек Сапарбаевтың блогына жазылған хатта тұрғындар биліктен ашылғалы тұрған балабақшаның халал болуын қадағалауын сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Бердібек Сапарбаев аға, сізге бір өтінішім бар еді. Темір ауданы Кеңқияқ кентінде жаңа балабакша ашылғалы жатыр. Бұл жақта мұсылман отбасылар өте көп. Балаларымызды сол балабақшаға бергіміз келеді. Бірақ, бұл тендермен ойнатылады деп естідім. Кім алса сол тамақ беретін көрінеді. Біз тамақтарының адал болғанын қалаймыз. Сіз көмек бере аласыз ба?», — деген облыс әкімінің атына жазылған хатта. Тұрғынның сауалына Темір аудандық білім бөлімі жауап берген. Әкімдік қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымның арнайы санитарлық талаптарды ескеретінін жеткізген. «Тауарларды жеткізуші азық-түлікті санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай жеткізеді. Химиялық және микробиологиялық нормативтерден асқан белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен азық-түлік жеткізілмейді. Сонымен қатар тауарларды жеткізушіден міндетті түрде қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары сұралады. Сұрақта көрсетілген Кеңқияқ ауылында ашылғалы тұрған балабақшада балаларды тамақтандыру жоғарыда айтылған талаптар бойынша жүзеге асырылатын болады», — деп хабарлайды Темір аудандық білім бөлімінен.

Серіктес жаңалықтары