223
Канелоға жоғары ұпай берген төреші әйел қызметінен шеттетілді
Канелоға жоғары ұпай берген төреші әйел қызметінен шеттетілді
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің төрешілерінің бірі Аделаида Берд ірі және маңызды кездесулерден уақытша шеттетілді. Бұл туралы Невада штаты Атлетика комиссиясының басшысы Боб Беннет мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.
«Әзірге оны маңызды жекпе-жектерге жібермеймін. Ол бұрынғысынша өз ісімен айналыса береді, алайда біраз уақыт дамылдайды. Ол ауыр кешті бастан өткізді. Өкініштісі, міндетін ойдағыдай атқарған жоқ. Оның қойған бағасы шындыққа сәйкес емес», - деді Беннет Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, мексикалықтың пайдасына 118:110 деген баға қойған Берд бокс қауымдастығының наразылығын туғызған еді. Ал екінші төреші Дейв Моретти жеңісті Головкинге берсе (115-113), Дон Трелла жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды – 114-114.