Қартқа көмек – қайырымдының ісі

Қартқа көмек – қайырымдының ісі

Қартқа көмек – қайырымдының ісі
ашық дереккөзі
568
Ақмола облысында «Нұр Отан» партиясының Атбасар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына партия ардагері, зейнеткер Антонина Анпилова көмек сұрап келді. Антонина Анпилова аудандық жедел жәрдем қызметінде еңбек еткен жылдары «Денсаулық» бастауыш партия ұйымын құрып, партияның қоғамдық жұмысына белсенді араласқандардың бірі болатын. Алайда зейнеткерлік шағында ол жалғыз өзі өмір сүруде. Атбасар қаласында болған биылғы су тасқыны Антонина апайды да айналып өтпеді. Осыған байланысты ол Атбасар аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Мұқановтан тасқын салдарынан кейін жинастыру, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалының мүшелері зейнеткердің үйінде болып, еден, терезені жуып, ауланы қоқыстан тазалауға көмектесті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Мұқановтың айтуынша, ардагерлер, зейнеткерлер мен мүгедектер партия назарынан еш уақытта тыс қалған емес. «Әсіресе, биылғы көктемдегі су тасқыны салдарынан жапа шеккендер үшін көмек қолын созып, барлық жағдайды жасауға тырыстық» дейді ол. Зейнеткер партиялықтарға зор алғысын білдірді. «Биылғы су тасқыны бәрімізді де есеңгіретіп тастады. Өзен арнасынан шығып, тіпті тереземізге дейін су басып қалды» деп естеліктерімен бөлісті. Орталық көшелердің бірінде орналасқан Антонина апайдың үйі бүгінде апаттық жағдайда. Үй жиһаздары мен тұрмысқа қажетті дүниелер жарамсыз болып қалған. Алайда зейнеткер көңіл күйін түсірмейді. Себебі қария партия назарында. Жалпы, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалына 116 өтініш келіп түссе, оның 65-і оң шешімін тапқан. Партияға үміт артып келгендердің дені әлеуметтік қамсыздандыру – 34 (29%), еңбек даулары бойынша – 24 (20%), тұрғын үй мен қамтамасыз ету, жер телімдерін беру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша 21 адамнан өтініш түскен.  

Серіктес жаңалықтары