"Болашаққа" құжат тапсыру мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды

"Болашаққа" құжат тапсыру мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды

"Болашаққа" құжат тапсыру мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
240
«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 16 қазанына дейін ұзартылды.  Бұл туралы ОКҚ-да «Болашақ» стипендиясының конкурстық іріктеуінің жаңа кезеңі туралы баспаөз мәслихатын өткізген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлім етті. «2017 жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау рәсіміне өзгерістер енгізілді. Құжаттарды қабылдау 29 мамыр - 15 қыркүйек арасында жүзеге асырылады. Осы кезге дейін Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша 251 адам стипендия иегері атанды. Қажеттілікке және құжаттарды қабылдау мерзімінің соңында қарбалас болғанына байланысты шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімін 16 қазанға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Іріктеу кезінде 300 үміткер, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер құжаттарын тапсырды. 29 мамырдан бастап бүгінге дейін мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша 113 үміткер құжаттарын тапсырды. 21-і стипендиант атанды, 11-і конкурс кезеңдерінен өте алмады. Қалғандары іріктеу үстінде», - дейді Мейіржан Алпысбай. Оның айтуынша, стипендиант атану конкурсы алты турдан тұрады. Атап айтқанда, біріншісі уәжедемелік пен ұсыным хаттарын бағалау, екінші тур шет тілін білу деңгейін анықтау, үшіншіден мемлекеттік тілді білу деңгейін айқындау, төртіншіден кешенді тестілеу, бесіншіден тәуелсіз сараптамалық комиссиямен әңгімелесу, алтыншыдан шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында үміткерлер кандидатурасын қарастыру болып табылады. Стипендияға құжат тапсырғандардың арасында өңірлік әкімдердің орынбасарлары, комитет төрағалары, кеңесшілер мен мемлекеттік органдар басшыларының көмекшілері бар.  

Серіктес жаңалықтары