Педофилді ұрған сержант сотталып кетті

Педофилді ұрған сержант сотталып кетті

Педофилді ұрған сержант сотталып кетті
ашық дереккөзі
267
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық ішкі істер органының  сержант шеніндегі полицей педофилді ұрғаны үшін сотталып кетті. Педофилге соққы жұмсаған тәртіп сақшысының кінәсі “азаптауға” ауыстырылып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сержант педофилдің пәтерінен 5 жасар қыз табылған соң өз-өзін ұстай алмай, зорлаушыны бірнеше рет ұрған. Медициналық сараптама педофилдің қолы, белі мен бетіне зақым келгенін анықтады. Полицейге алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды. Сәтбаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Сқақов конвойлық қызметтегі полицейді айыпты деп таныды. Алайда қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады. «Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды», – деді судья Жақсыбек Сқақов.

Серіктес жаңалықтары