Батысқазақстандықтар Алматы мен Астанаға жүрдек пойызбен қатынайтын болды

Батысқазақстандықтар Алматы мен Астанаға жүрдек пойызбен қатынайтын болды

Батысқазақстандықтар Алматы мен Астанаға жүрдек пойызбен қатынайтын болды
ашық дереккөзі
366
БҚО-нан Алматы мен Астанаға жүрдек пойыз қатынайтын болады. Батысқазақстандықтар енді Алматы мен Астанаға теміржол арқылы тезірек жете алады, деп хабарлайды 24.kz.  Былтыр күзде елордада өткен өңіраралық әріптестік форумында транзиттік жолаушы пойыздарын тексерусіз өткізу туралы үкіметаралық келісімге қол жеткен еді. Енді қыркүйектің 26-нан бастап Астана-Орал, Алматы-Орал бағытында жаңа теміржол қатынасы ашылмақ. Жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойызы Ресей аумағына тоқтамайды. Бұрын Оралдан шыққан отарба әуелі Шыңғырлауға аялдаса, кейін Ресейдің Соль-Илецк стансасында тексерілетін. Одан соң Қазақстанға қайта кірерде Ақтөбенің Зайсан бекетінде тоқтап тұратын. Соның салдарынан қыруар уақыт құр кететін. Енді оралдықтар Астанаға қазіргі 41 сағаттың орнына 26 сағатта, Алматыға 60 сағаттың орнына 36 сағатта жететін болады. Думан Қарағойшин, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Орал учаскесінің басшысы: – Астанаға билет 9 мың теңгеден басталады. Алматыға 16 мың теңгеден басталады. Мына 27 аттанатын вагонның 17-сі – купе вагондар. Соған билеттердің бәрі сатылып кетті. Исто

Серіктес жаңалықтары