2018 жылы баспана нарығында қандай өзгерістер болады?

2018 жылы баспана нарығында қандай өзгерістер болады?

2018 жылы баспана нарығында қандай өзгерістер болады?
ашық дереккөзі
229
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі келесі жылы жаңа тұрғын үй нарығында баға өспейді деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын тұрақты түрде қаржыландырып отырғандықтан жаңа баспаналар мен пайдаланылып жүрген үйлердің қымбаттауына жол берілмеді. «Өңірлерде пәтердің бір шаршы метрінің бағасы — 140 мың теңге. Бұл несиеге берілетін үйлер, олар кейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылымға шығарылады. Ал Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңге. 2 жылда, яғни 2015-2016 жылдары 19 мың 200 арзандатылған пәтерді біз нарыққа шығардық. Ал осы жылы осындай 15 мың пәтер сатылады», — деді ол. Бұдан бөлек, вице-министр келесі жылы елімізде 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын атап өтті. "Нұрлы жер" бағдарламасы 15 жылға есептелген. Осы уақыт аралығында біз 1,5 млн тұрғын үй салуымыз қажет. Тұрғын үй нарығындағы бағаны бірнеше жыл бойы тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік туды. Бір шаршы метрдің бағасы жеке үйлер мен пәтерлерге белгіленген. Сондықтан алдағы уақытта баспана бағасы өседі деп болжап отырған жоқпыз. Негізінен құрылыс материалдары жергілікті, сол себепті оның бағасы да тұрақты. Осы орайда жаңа тұрғын үй құрылысы нарығында бағаның өсуіне себеп болатын алғышарттарды көріп тұрған жоқпыз», — деді Скляр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің дерегіне сәйкес, қазіргі таңда пәтер алғысы келетін 914 мың салымшы бар екен. Банктегі қазіргі 30% және 50% көлеміндегі жинақ сомасын төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа Роман Скляр әзірге ондай мүмкіншілік қарастырылмайтынын атап өтті.  

Серіктес жаңалықтары