195
Қостанайлық мұғалім шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізудің жолын көрсетті
Қостанайлық мұғалім шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізудің жолын көрсетті
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А.Шерцер киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынады. Бүгінде бағдарламаны алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр. Мұндағы басты ерекшелік - киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Қаржы мәселесі шешілсе, жаңа жобаны әрі қарай өрістетуге болады дейді ол.
««Ақылды киіз үйдің» алғашқы нұсқасы да дайындалды. Күн батареялары арқылы киіз үйге электр желісі тартылады. Ал тоқ күшін ұялы телефондағы Bluetooth-қондырғы арқылы азайтып-көбейтуге болады. Бұл киіз үйлерді Наурызым қорығына қойып, облыс эко-туризмінің дамуына үлес қосар едік», - деді туынды авторы.
Александр Шерцердің осыдан екі жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «ақылды бас киімнің» үлгісін жасаған. Көзі нашар көретіндер «ақылды бас киім» арқылы алдында кездесер кедергілерді біліп отырады. Бас киімдегі арнайы тетіктер белгілі бір қашықтықта дабыл белгісін береді.