Елордаға газ тарту үшін инвестор іздестіріліп жатыр

Елордаға газ тарту үшін инвестор іздестіріліп жатыр

Елордаға газ тарту үшін инвестор іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
300
Астананы газдандыру жобасы бойынша нақты шешім қабылданбады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Астана тұрғындары үшін бұл мәселе өте өзекті. Бүгінде аталған жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме аяқталды. Өздеріңіз білесіздер, елордаға газ тартуда бірнеше бағдар қарастырылған болатын, яғни осыған дейін Қостанай облысанан Көкшетау арқылы Астанаға газ құбырын жеткізу пысықталған еді. Кейіннен Қызылорда облысынан Қарағанды, Теміртау арқылы елордаға дейін тарту қарастырылды. Жобаның құны 200 млрд теңгеден асып отыр, яғни бұл газ құбыры арзанға түспейтіні анық. Бұл тұрғыда біз тек магистральды желінің құрылысы туралы айтып отырмыз. Бұдан бөлек,газ құбыры жолындағы әрбір елді мекенді газдандыру да қомақты қаржыны талап ететін болады»,-деп тоқталды вице-министр. Осы орайда ол бұл газ құбыры бойынша нақты шешім қабылданбағанын атап өтті. «Қазіргі кезде түрлі қаржыландыру көздерін тартудың мәселелері зерделеніп жатыр», - деді М. Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары