229
Жапония жүргізушісіз жүретін трактор шығармақ
Жапония жүргізушісіз жүретін трактор шығармақ
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ жуық арада ауылшаруашылық жұмыстарында пайдалануға болатын жүргізушісіз тракторларды таныстырды. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Жаңа техниканың тұсауы Киото қаласында жексенбі күні жұмысын бастаған Ғылым және қоғамдағы технологиялар халықаралық форумында кесілді. Бірнеше трактордың қозғалысы түсірілген видео туралы әңгімелей келе: «Қараңызшы, олар жай үйлесіммен ғана жүріп жатқан жоқ, тірі адамдар секілді бір-бірімен тілдесіп жатқандай. Болашақта олар кең қолданысқа беріледі», - деді Абэ.
Жапон үкіметінің басшысы инновациялар мен жаңа технологиялардың дамуы жекелеген елдердің ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын айқындайды.
«Мен баршамыз біріге отырып, әлемді жақсартамыз деп сенемін», - деді ол. Ежелгі жапон астанасы Киото қаласында жексенбі күні Ғылым және қоғамдағы технологиялар халықаралық форумы басталды. Аталған беделді шара осымен 14-ші рет әлемнің 150-ден астам елінен келген бір жарым мыңнан астам ғалым мен кәсіпкердің, сондай-ақ саясат және қоғам қайраткерлерінің басын қосып отыр.