Трамп: Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу - бос әурешілік

Трамп: Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу - бос әурешілік

Трамп: Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу - бос әурешілік
ашық дереккөзі
316
АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізіп, бос әуре болмауға шақырды. Мұны Ақ үй басшысы Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 24.kz.  Трамптың айтуынша, мұндай әрекеттен түк шықпайды. Ал бұған дейін Рекс Тиллерсон Пхеньянмен тікелей келіссөз жүргізуге қол жеткізгенін мәлімдеген. Алайда Солтүстік Корея басшылығының оны өткізуге еш құлық танытпай отырғанын да айтты. Ал кей ақпарат көздеріне қарағанда Құрама Штаттар Оңтүстік Кореямен әскери жаттығу өткізу үшін түбекке соққы беруші кемелерін жіберген. Олар Жапон теңізінде зымырандарға қарсы жаттығу қимылдарын өткізеді. Айта кетейік, соңғы уақытта Пхеньян ядролық қару мен зымыран сынағын жиі өткізіп, БҰҰ бұл елге қарсы шараларды қатаңдатты. АҚШ билігі тамыз айында Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимыл жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда Пхеньян санкцияларға қарамастан ядролық бағдарламаны жүзеге асыра беретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары