214
Лас-Вегастағы атыс құрбандарына көмек қорына $3,7 млн доллар жиналды
Лас-Вегастағы атыс құрбандарына көмек қорына $3,7 млн доллар жиналды
Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) атыс құрбандарының туыстары үшін дүйсенбі күні құрылған көмек қоры $3,7 млн доллар жинады. Бұл туралы сейсенбі күні Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатында 59 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға болған қала орналасқан Кларк округі комиссиясының төрағасы Стивен Сисолак мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
Оның сөйлеген сөзін CNN телеарнасы көрсетті. «Соңғы дерек бойынша, көмек қорына $3,7 млн түскен, - деп атап өтті ол. - Қаржыны 47 мың адам аударған». Оның айтуынша, төлемдердің бірі $500 мың, енді бірі - $100 мыңды құраған. Жергілікті билік пен Лас-Вегас шерифі Джозефа Ломбардоның бастамасымен құрылған қор $4 млн қаржы жинауды жоспарлап отыр.