Қариялар қамқорлықтан қағылмайды

Қариялар қамқорлықтан қағылмайды

Қариялар қамқорлықтан қағылмайды
ашық дереккөзі
663
«Нұр Отан» партиясының өңірлердегі филиалдары «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды. Шара барысында партиялықтар ардагерлерге түрлі көмектер көрсетіп, мұң-мұқтаждарына құлақ түрді. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған акция – ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясы аясында Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары невропатолог, кардиолог, көз дәрігерлерінің қабылдауында болды. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы дәрігерлерді шақырып, жастар концерт қойды. Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарын Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің профессорлары қабылдады. Көз дәрігері мен невропатологқа, кардиолог дәрігерлеріне қаралған қариялар өте көп. Олардың анықтамалық кітапшасы арнайы алынып, науқастың тарихы қаралып, дәрігерлер кеңес берді. – Қарттар үйіндегі емханада дәрігерлер бар. Біз тексеру жүргізіп, қажет кезде қала ішіндегі дәрігерлердің қабылдауына апарамыз. Портал арқылы ауруханаға жатады, ем қабылдайды. Егер оқыс жағдай болса, жедел жәрдем шақырамыз. Қарттар үйінің тұрғындары үшін мұндай медициналық тексеру өте пайдалы. Білікті дәрігерлер мен медицина ғылымдарының докторы, профессорларына бару, қабылдауына кіру қиын, кейде мүмкін емес. Сондықтан біз осы сәтті тиімді пайдаланып, тұрғындардың нақты диагнозын біліп аламыз, – деді қарттар үйінің дәрігері Гүлмира Махамбет. Оның айтуынша, мұнда жүрек-қан тамырлары ауруы, көз, буын аурулары жиі кездеседі. – Дәрігерлер келіп, ем жүргізіп жатыр. Бұл өте сәтті болды. Менің көзім ауырады, буыным сырқырайды. Кеңес берілді. Өзім қарттар үйіне 8 ай бұрын келдім. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының орталығында тұрдым. Зейнетке шықтым, жалғыз қалдым. Өмір бойы жүргізуші болып, тынбай еңбек еттім. Қазір тағдырдың жазуымен, қарттар үйін паналап отырмын. Бәрі ұнайды, күтіміміз жақсы, – деді Сағынғали Әбуов. Ол алдағы күндері жұмыс істеп, аула сыпырып, көмек көрсетуді жөн көреді. Өзі жас кезінде жеңіл атлетикамен шұғылданған. Жаттығу залына барып тұрады. Велосипед айдап, шаңғымен сырғанағанды ұнатады. – Ақтөбеде «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясы өтіп жатыр. Зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне көмек көрсетіп, аула ішін тазалауға, үй шаруашылығына көмек көрсетеміз. Бұл жастарға үлгі боларлық іс. Әрдайым қарттарымызға құрмет көрсетуіміз керек. Олардың әрқайсысы ел дамуына үлес қосып, өз заманында еңбек етті, бізді бүгінгі күнге жеткізді. Жастар өз алғысын қамқорлығымен жеткізіп жатыр, – деді «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Асылжан Бүркіталин. Партияның Оңтүстік Қазақстан облысы,  Созақ аудандық филиалы да «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды. Шара аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және ауданның дамуына ерекше еңбек сіңіріп жүрген қарттарға арналып мерекелік дастарқан жайылды. Шара аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және ауданның дамуына ерекше еңбек сіңіріп жүрген қарттарға арналып мерекелік дастарқан жайылды. Салтанатты шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Салыхан Полатов аудандағы барша қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. – Ауданымызда аймақтың көркеюіне, гүлденуіне, дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңіріп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан 5000-нан аса қарияларымыз бар. Биыл олардың 280-і облысымыздағы демалыс орындарында ем алып келсе, 45 қария демеушілер есебінен халықаралық EXPO – 2017 көрмесін тамашалап кайтты. Аудан басшылығы тарапынан аудан зейнеткерлері үнемі назардан тыс қалмайды, – деді аудан басшысы. Мерекелік дастарқан үстінде жазушы Дулат Тұрантегі аудан басшылығына өз ризашылығын білдіріп, қарияларға қамқор болу әрбір жанның міндеті екенін атап өтті. Ардагер дәрігер Бүркіт Арынбеков Пайғамбар жасынан асқан жандар мемлекетіміздің алтын қоры, дәстүрлердің сақтаушысы екенін де еске салды. Сондай-ақ, қазыналы қарияларымыздың патриоттық іске деген адалдығын, шыдамдылық пен сенімділіктің жарқын үлгісі екенін де айтып өтті. Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. Бұдан соң, айтулы күнге орай аудан ардагерлері арасында шахмат ойынынан жарыс өткізілді. Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімнің орынбасары Бағдат Айдарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және «Созақ үні» газетінің бас редакторы Сәрсенбек Теңізбаев сөз сөйлеп, ардагер спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа Шолаққорған, Жартытөбе, Сызған, Таукент, Қыз­ем­шек және Құмкент ауылдарының ардагерлері қатысып, өздерінің белсенділіктерін танытты. Соңында жеңімпаздарға арнайы диплом мен сый-сияпаттар табыс етілді.    

Серіктес жаңалықтары