297
Алматы көшесінен сөмкеге салынған тастанды сәби табылды
Алматы көшесінен сөмкеге салынған тастанды сәби табылды
Алматыда тағы бір шақалақ туа сала тастанды атанды деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Жедел жәрдем қызметкерлері тастанды баланы қалалық жұқпалы аурулар бойынша балалар емханасына әкелді. Қыз бала осыдан бес-алты күн бұрын ғана өмірге келген. Нәрестенің жағдайы жақсы, толық тексеруден өткізілді», - дейді бөлім меңгерушісі Ляззат Есқалиева. Дәрігерлердің айтуынша, қыз баланы анасы стационарлық жағдайда босанған. Аман-есен дүниеге келген сәбиге дәрігерлер «Жеңіс» деген есім беріпті. Тіпті, ақ халаттылар анасы бас тартқан баланы бауырларына басып, аз уақыттың ішінде туу туралы куәлігін жасатып үлгерген. Алайда нәрестені тоғыз ай көтерген көкек ана баласын бір рет те іздеп келмепті. «Баласын көшеге тастап кеткен анаға іздеу салдық. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 119 бабы (қауіпті жерде қалдыру) бойынша іс қозғалып, тергелуде. Сонымен қатар, балақайдың туыстарын да іздеп жатырмыз», - деді ІІД қызметкері Лейла Әліпбаева.