WBC ұйғарымы бойынша Головкин "Жыл адамы" деп танылды

WBC ұйғарымы бойынша Головкин "Жыл адамы" деп танылды

WBC ұйғарымы бойынша Головкин "Жыл адамы" деп танылды
ашық дереккөзі
382
Бүкіләлемдік бокс кеңесі орта салмақта WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді «Жыл адамы» деп таныды. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлады. «Шаршы алаңда және оның сыртында бокстың дамуына қосқан үлесі үшін WBC Головкинді жылдың үздік адам ретінде таңдады», – дейді бүкіләлемдік бокс кеңесі президенті Маурисио Сулейман. Әзербайжан астанасында өтіп жатқан конвенцияға қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен бөлек, Виталий Кличко, Виктор Постол, Майрис Бриедис, Срисакет Сор Рунгвисаи, Кристина Хаммер, Икрам Керват, Фатума Зарика, Джон Фернандес, Насим Хамед, Амир Хан, Эвандер Холифилд, Костя Цзю, Юрий Арбачаков, Хавьер Кастильехо, Карлос Зарате, Гваделупе Пинтор, Эрик Моралес, Майкл Спинкс, Азума Нельсон, Нино Бенвенути, Пол Малиньяджи, Джо Кальзаге, Никки Адлер және Кэтрин Фири шақырту алған. Еске салайық, Бакуде өтіп жатқан конвенцияда WBC президенті Маурисио Сулейман Головкин – Альварес арасындағы екінші кездесуді өткізуге рұқсат берді. Отандасымыз GGG (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек  Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталды. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғады, ал мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тіккен болатын. Қарымта жекпе-жек келесі жылдың көктемінде, нақтырақ айтқанда, наурыз немесе мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеген болатын. Оның сөзіне сенсек,  қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін ресми түрде келісімшарт та басталып кеткен.

Серіктес жаңалықтары