Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам көз жұмды

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам көз жұмды

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
389
Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус апатқа ұшырады. Мәскеудің тергеу басқармасы  17 адамның көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости. 
“Апат салдарынан қаза болғандар саны 17 адамнан кем болған жоқ”, – делінген хабарламада. Апат бейсенбіден жұмаға қараған түні болды. Мәліметтерге сүйенсек, көлік бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан өте шығып, теміржолда тоқтап қалған. №60 “Санкт-Петербург – Нижний Новгород” пойызының машинисі жарық пен дыбысты дабыл беріп, мүмкіндігінше жылдамдықты азайтқан. Владимир облысы губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхованың айтуынша, құрбан болған 15 адам Өзбекстан азаматы. “Жүргізуші бар даусымен айқайлағанда автобустағы 34 адам көлікті итеру үшін сыртққа шыққан. Көлікте қалғндар қаза болды”, – дейді Шляхова. Қазір оқиға орнына дәрігерлер келіп жетті. Зардап шеккен 4 адам ауыр хәлде жатыр.

Серіктес жаңалықтары