Алматыдан табылған тастанды сәби балалар үйіне өткізіледі

Алматыдан табылған тастанды сәби балалар үйіне өткізіледі

Алматыдан табылған тастанды сәби балалар үйіне өткізіледі
ашық дереккөзі
278

Алматыда осыдан екі апта бұрын табылған сәбидің анасы кім екені әлі күнге белгісіз. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.

Полицейлер туғанына төрт күн болған сәбиді жылы көрпеге орап тастап кеткен әйелді іздеп жатыр. Қыз бала Алатау ауданы аумағынан табылып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шақалақтың денсаулығы жақсы екенін айтады. Енді оны бөбектер үйіне орналастыру үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, өткен жылдан бері елімізде осыған ұқсас 44 дерек тіркелген. Ал өз баласына аяусыздық танытқан 1 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылған. «Келген кездегі баланың жағдайы қанағаттанарлық. Баламен бірге ішетін тамағы, уходына қажетті заттар болды. Дәіргерлік ем қабылдау қажет емес. Енді оны қалалық балар үйіне өткізуге дайындап жатырмыз», – дейді Алматы қаласы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ләззат Есқалиева.

Серіктес жаңалықтары