234
Министр бензин бағасы қанша теңгеге дейін көтерілетінін айтты
Министр бензин бағасы қанша теңгеге дейін көтерілетінін айтты
Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы уақытта жанар-жағармай бағасы 167 теңгеге дейін баратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бензинді «тұтыну мөлшері қандай болады?» деген сұраққа жауап берейін. Ол 180-275 мың тонна болуы мүмкін. Сондықтан біз осы айда 100 мыңнан астам АИ-92 бензинді Ресей Федерациясынан импорттаймыз. Сондықтан әрине бағалар өсіп, ол 155, 157, 165 теңгені құрауы мүмкін», - деді басшы.
Алайда Қанат Бозымбаев бензинннің бағасы 1 ай ғана жоғары болып тұратынын алға тартты.
«Бірақ бұл бағалар бір айға ғана созылуы ықтимал. Өйткені, осы айдың соңына дейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты көп жыл созылған модернизациялауды бітіреді. Тиісті қондырғылар іске қосылатын болады. Келесі қараша айынан бастап, бірінші желтоқсанда біздің нарықтағы ресейлік бензин үлесі жалпы 40 пайыздан 20 пайызға түседі. Онда бензин бағаларын тұрақтандыратын әдістеріміз болады», - деді министр.
Сөз соңында ол алдағы уақытта жанар-жағармай бағасы елімізде тұрақты болатынын айтты.
«Егер желтоқсан айын алсақ, ресейлік бензин үлесі 15 пайызды ғана құрайды. Өзіміздің зауыттарда шығарылатын бензиннің бағасына әсер ететін жағдай жасауға мүмкіндік бар. Сондықтан осы қараша және желтоқсан айларынан бастап, бензин бағасы тұрақты болуы керек. Егер «ҚазМұнайГаз» АҚ Атырау және Павлодар зауыттарын жаңғыртуды дұрыстап бітірсе, онда қаңтар айынан бастап бензиннің 100 пайызы еліміздегі үш зауыт тарапынан қамтамасыз етілетін болады. Көлігі бар кісілер наразылық білдіріп жатыр. Мен оны жасқы түсінемін. Бірақ, бұл мәселе шешіледі», - деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.