Бастығының үйінде құл болған балабақша қызметкерлері сотқа арызданбақ

Бастығының үйінде құл болған балабақша қызметкерлері сотқа арызданбақ

Бастығының үйінде құл болған балабақша қызметкерлері сотқа арызданбақ
ашық дереккөзі
325
Балабақща тәрбиешілері бала тәрбиелеудің орнына бастықтың үйін тазалап, құрылысқа да жегілгенін айтады, деп хабарлайды КТК.
Ал қарсы шыққандарды сөзге келместен қызметтен қуады дейді мұндағылар. Енді бұған шыдамаған үш адам басшыларының үстінен сотқа арыз түсірмекші. Білім бөліміндегілер болса жекеменшік балабақшаға сөзіміз жүрмейді деп отыр. Шыдамы таусылған бұл үш қызметкер балабақшадан бір күнде арыз жазып шығып кетіпті. Жекеменшік мекемеде меңгерушінің құлша жұмсап, күн көрсетпегенін айтады. Бала бағудың орнына соның үйінің жұмысына жегіліп, тіпті құрылыспен айналысқан. “Бастығымыздың үйін жинап, өзіміздің еркімізден тыс жұмыстарға салды. Оған бармаймыз десек айыппұл төлейсің, жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Қорқытқаны былай тұрсын, аузына келген боғауызды айтады”, – дейді балабақшаның бұрынғы қызметкері Әйгерім Ташиева. Балабақшаға пара бермесең жұмысқа алмайтынын айтады қызметкерлер. Меңгеруші қарсы шыққандарын бір күнде қызметінен қуатын көрінеді. Гүлшара Жақсылыққызы – солай жұмысынан кеткендердің бірі. Балабақша меңгерушісі камера алдында сөйлеуден басын ала қашты. Ал қарамағындағыларды жұмыс кезінде құрылысқа жеккенін жасырмайды. Бірақ ешкімді күштеген жоқпын деп ақталды Гүлнар Керімбекова. Ал қалалық білім бөліміндегілер жекеменшік балабақшаға сөзі жүрмейтінін айтады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде қожайынның тәрбиешілерге не істесе де өз еркі екен. “Бұлардың өздері жекеменшік. Өздерінің басшылары бар. Өздерінің әкімшілік тарапынан қаражатқа менің ешқандай қатысым жоқ. Басқа да еңбек туралы болсын. Өздерінің әкімшіліктері бар ғой. Өздері жұмыс істеуі қажет”, – дейді Талдықорған қалалық білім бөлімінің маманы Салтанат Бекбергенова. Шенеуніктердің айтуынша, жекменшік «Ашура» балабақшасы үздіктердің қатарында. Тіпті, ұстаздар күнінде меңгерушіні алғыс хатпен де марапаттапты. Дегенмен, қорлық көрдік деген тәрбиешілер енді оны сотқа бермекші.

Серіктес жаңалықтары