Тоқмәдиге неліктен жеңіл жаза кесілді?

Тоқмәдиге неліктен жеңіл жаза кесілді?

Тоқмәдиге неліктен жеңіл жаза кесілді?
ашық дереккөзі
210
Алматы соты атышулы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Шыны зауытының қожайыны ұсталғанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағына дейін тартылып, тағылған айыптары да ауыр болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.
Соған қарамастан, 3 жылдың ғана кесілуі кәсіпкердің тергеушілермен келісімге келуіне байланысты. Яғни, тағылған айыптармен келісіп, тергеуге көмектескен. Естеріңізге салсақ, Мұратхан Тоқмәди 12-ші маусымда түн ортасында өз үйінде тұтқындалған болатын. Кәсіпкердің қолына кісен салуға полициямен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмылдырылған. Жалпы, бизнесменге қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айыптар да тағылған. Бірақ, ол «Бопсалау», «Заңсыз қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау» сынды ауыр баптармен сотталып отыр. Сот онда да бар-жоғы 3 жыл кескенімен, бизнестегі былықтары үшін мемлекетке бақандай 225 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттепті. “Мұратхан Тоқмәди барлық баптар бойынша айыпты деп танылды. Тергеу күдіктінің қылмысын дәлелдей алды. Оның үстіне, Тоқмәдидің өзі тергеумен бітімгершілікке келді. Сот оның өз еркімен кінәсін мойындағанын ескеріп, оны 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – дейді Алматы қалалық соты баспасөз қызметкері Абай Жарылқасын.

Серіктес жаңалықтары