240
Қазақстанда 5 ел әскери жаттығу өткізеді
Қазақстанда 5 ел әскери жаттығу өткізеді
Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдері бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық -2017» оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресейдің Орталық әскери округі (ОӘО) Шұғыл тактикалық авиация экипаждары бірлескен маеврлерге қатысу үшін Қазақстанға орналастырылды.
«Терминатор» Ми-8 АМТШ көлік-шабуылдау тікұшақтары Новосібірден Жетіген аэродромына дейінгі 2,5 мың километр қашықтықты ұшып келді. Бірлескен авиациялық топтың құрамында сондай-ақ Қырғызстанда орналасқан ресейлік Кант әуебазасының екі Су-25 шабуылдаушысы мен Челябіден келген Су-24МР барлаушы ұшағы бар», - деп мәлімдеді Ресей Орталық әскери округі.
Округтің мәліметінше, ұшақтар бітімгерлік күштеріне әуеден қолдау көрсетіп, «жаралыларды» тасымалдайды, сондай-ақ әскери мақсаттағы жүктерді және гуманитарлық көмектерді жеткізеді.
Бұдан бұрын «Мызғымас бауырластық -2017» оқу-жаттығуына мыңнан астам әскери қатысатыны хабарланған болатын. Қазақстан тарапынан маневрлерге 600-ден астам адам, төрт Ми-17 тікұшағы және екі Huey II ("Хьюи-2") тікұшағы жұмылдырылды.
Әскери жаттығуға Ресейден 400-ге тарта адам, Беларусь, Армения, Қырғызстан қарулы күштерінен 30 адамнан, Тәжікстаннан 20 адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Бірлескен маневрлер Қазақстанның оңтүстік шығысындағы Іле және Шошқалы полигондарында 16-20 қазан аралығында өтеді.