567
Еврейлердің ұйқысы бұзылмас үшін азан шақыруға тыйым салынды
Еврейлердің ұйқысы бұзылмас үшін азан шақыруға тыйым салынды
Израиль билігі Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігінде орналасқан ауылдық елді-мекендердің біріндегі мешітте еврейлердің ұйқысына кедергі келтіреді деген желеумен дауыс зорайтқышпен азан шақыруға тыйым салды деп хабарлайды Islam.kz.
Бұл тыйымға құлақ аспаған жағдайда қатаң шара қолданатындарын де ескертіп кеткен. Израилдіктер жаулап алған Шығыс Құдыста шамамен 200 мың еврей келімсектері тұрып жатыр, ал Иордан өзенінің батыс жағалауында олардың қарасы 400 мыңға жеткен. Халықаралық қауымдастығы мен әлем жұртшылығы Израиль билігінің палестиналықтар жеріне баса-көктеп еніп қоймай, құрылыс жұмыстарын жүргізгеніне наразылық білдіріп, заңсыз деп танып отыр. Айта кетейік, Израиль парламентінде 2016 жылдың қараша айында азан шақыруда дауыс зорайтқышты пайдалануға жаппай тыйым салатын заң жобасы қарастырылған болатын. Атышулы заң жобасын жақтап Кнессеттің 55 депутаты дауыс берсе, 48 халық қалаулысы қарсы шыққан.