Қазақ-қырғыз шекарасында заң талаптарын бұзғандар жазалануда

Қазақ-қырғыз шекарасында заң талаптарын бұзғандар жазалануда

Қазақ-қырғыз шекарасында заң талаптарын бұзғандар жазалануда
ашық дереккөзі
309
Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша жоспарлы шекаралық операция басталғалы бері қазақ-қырғыз шекарасында бақылау күшейтілді, деп хабарлайды 24.kz Бақылау күшейтілгенімен, мемлекеттік шекарадан өтуге ешқандай шектеу жоқ. Жеке құжаты мен тасымалдап бара жатқан жүгінің құжаты дұрыс болса, жол ашық. Ал заң талаптарын бұзғандар тиісінше жауапқа тартылып жатыр. Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп бара жатқан тағы бір адам қолға түсті. Өз сөзіне сенсек, Қырғызстанның азаматы. Жеке куәлігі болмағандықтан, шекарадан жасырын өтпек болған. Енді ол заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сондай-ақ Қазақстанға оқ дәрі алып өтпек болған азамат та ұсталды. Жоспарлы шекаралық операция кезінде басқа заңбұзушылықтар тіркелген. Соңғы тәулік ішінде тексерілген 131 көлік құралының он үшінің заңды өрескел бұзғаны анықталды. Оларға заң талаптарын сақтамағаны үшін 285 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар жолаушылар тасымалдау үшін тұрақты рұқсаты жоқ бір автобус айып тұрағына қамалды. Оныншы қазаннан бастап қазақ-қырғыз шекарасында ветеринарлық бақылау да күшейтілген. Қазіргі кезде 6 бекетте отыз алты ветеринарлық инспектор жұмыс істеп жатыр. Бауыржан Қаржаубаев, 20/38 әскери бөлімі командирінің орынбасары, шекаралық бақылау бөлімінің басшысы: – Шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді. Сонымен қатар шекараны өтуге қандай да бір шектеулер мен тыйымдар салынған жоқ. Мысалы бүгін тек Қордай учаскесі арқылы екі жүз қырықтан астам көлік өтті. Олардың арасында Қырғызстанның әскерилері мінген машиналар да бар. Олар еліміздегі полигондардың бірінде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімшарт ұйымының «Мызғымас бауырластық-2017» оқу жаттығуына қатысатын болады.

Серіктес жаңалықтары