Леонардо Да Винчидің соңғы туындысы 100 млн долларға сатылуы мүмкін

Леонардо Да Винчидің соңғы туындысы 100 млн долларға сатылуы мүмкін

Леонардо Да Винчидің соңғы туындысы 100 млн долларға сатылуы мүмкін
ашық дереккөзі
870
Леонардо Да Винчидің соңғы туындысы аукционға шығарылды.  «Әлемнің құтқарушысы» деп аталатын  картина сатылымға дейін Гонконг қаласында көпшілікке көрсетілді.  Болжам бойынша, бұл шығармаға кезінде Франция королі ХІІ Людовик арнайы тапсырыс берген екен. Он жетінші ғасырдың соңында ол Бекингем герцогінің жинағына түсіпті. Ал бірнеше жыл бұрын кезекті аукционда оны Ресей миллиардері Дмитрий Рыболовлев сатып алған болатын. "Леонардо да Винчидің жеке адамдар қолында жүрген басқа шығармалары жоқ. Сондықтан да мұндай ерекше дүниені сатып алу мүмкіндігі жүз жылда бір рет қана туады. Да Винчи мұны жасы егде тартқанда салған. Бұл – таңғажайып туынды!" - дейді Кристиз үйінің қызметкері Франсуа де Портер. Аукционды ұйымдастырушылар суретті 100 миллион долларға сатуды көздеп отыр. Шара Нью-Йоркте 15 қараша күні өтеді. Ал оған дейін Да Винчидің туындысы Сан-Франциско мен Лондондағы көрмелерге қойылады.

Серіктес жаңалықтары