Қазақстанда көмір сататын биржа ашу ұсынылды

Қазақстанда көмір сататын биржа ашу ұсынылды

Қазақстанда көмір сататын биржа ашу ұсынылды
ашық дереккөзі
281
Елімізде көмір сататын биржа ашу қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Үкімет қабырғасында мәлімдеді, деп жазады 24.kz Оның айтуынша, мұндай шешім көмір бағасының тұрақталуына сеп болады. Сонымен қатар ведомство өкілдері табиғи қазбаны сатуға қатысатын делдалдардың қызметін қатаң бақылауға алу керектігін алға тартты. Себебі олардың көбісінің өндірістік базалары жоқ. Олар тек құжаттық жұмыспен айналысып, көмір бағасын ұлғайтады. Енді олар осындай заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылады. Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары: – Біз 107 нысан бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Бағаны заңсыз көтерген кәсіпорындардың жетеуі Астанада болса, бесеуі Алматыда орналасқан. Сондай-ақ Ақмола облысында 10, Алматы облысында 5 компания бар. Мұндай оқиғалар тек БҚО-да ғана болған жоқ. Себебі олар негізінен газды пайдаланады.

Серіктес жаңалықтары