Қазақ-қырғыз шекарасында 60 мыңға жуық көлік тексерілді

Қазақ-қырғыз шекарасында 60 мыңға жуық көлік тексерілді

Қазақ-қырғыз шекарасында 60 мыңға жуық көлік тексерілді
ашық дереккөзі
488
Жыл басынан бері Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 60 мыңға жуық шетелдік автокөлік құралы тексерілді. Оның ішінде 2 мыңнан астам заңнама бұзушылықтың тең жартысы қырғызстандық тасымалдаушылардың үлесінде екені анықталды. деп хабарлайды 24.kz.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларына сәйкес, бүгінде ел аумағында көлік тасымалы талабын орындамай жүрген шетелдік жүргізушілердің қозғалысына шектеу қойылып отыр. «Заңнама бұзушылық салдары жойылып, белгіленген айыппұл мөлшері төленген жағдайда ғана шектеу алынады», – дейді Көлік комитетінің Ахуал орталығы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ермұханов. Қуаныш Ермұханов, ҚР ИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы басшысының м.а.:  - Жіберілетін негізгі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының елді мекендерінің арасында шетелдіктерді тасымалдап немесе жүк тасымалымен айналысу. Бұл каботаждық тасымал деп аталады. Тасымалды жүзеге асыруға мүлдем жол берілмейді. Себебі Қырғызстан мен Қазақстан арасында халықаралық қатынас туралы үкіметаралық келісім жасалған болатын. Бұл келісімге сәйкес, осы каботаждық тасымалдауларға тыйым салынған. Негізгі себеп Қазақстан Республикасының жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтық параметрлерінен асу деректері болып табылады.

Серіктес жаңалықтары