Астана халықаралық әуежайына 23,6 млн теңге айыппұл салынды

Астана халықаралық әуежайына 23,6 млн теңге айыппұл салынды

Астана халықаралық әуежайына 23,6 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
284
Астанадағы халықаралық әуежайға 23,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы ақпаратқа сай, әуежайдың бірнеше келісімшарт жасауда заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған. Атап айтқанда, мұнай өнімдерін сақтау үшін қолданылатын ыдыстарды жалға алу шарттары бұзылған. Сондай-ақ авиациядық отынды сатуға қатысты келісімдердің де ережеге сай орындалмағаны белгілі болды. Айта кетейік, Астана қаласының әкімшілік соты осы жылдың тамыз айында әуежайға айыппұл салу жөнінде шешім шығарған еді. Ал акционерлік қоғам басшылары мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Алайда Астана қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, әуежайды әкімшілік жауапқа тарту жөнінде шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары