Тірідей жанып кете жаздаған жүргізуші мен кондукторға санавиация жіберілуі мүмкін

Тірідей жанып кете жаздаған жүргізуші мен кондукторға санавиация жіберілуі мүмкін

Тірідей жанып кете жаздаған жүргізуші мен кондукторға санавиация жіберілуі мүмкін
ашық дереккөзі
274
Жезқазғанда жолаушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Апат кесірінен жүргізушісі мен кондукторы оңбай күйіп, жансақтау бөліміне түскен. Денелерін 95 және 35 пайызға от шарпыған оларды қазір облыс орталығына санавиациямен жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Кешкілік жұмысын аяқтап, жол жиегінде тоқтап тұрған автобуста жүргізуші мен кондукторы ғана болған. Тұтанған от санаулы секундтарда қызыл жалынға айналғанда, салондағы екеу қашып шығып үлгеріпті. Алайда 22 және 23 жастағы жігіттер қатты күйіп қалған. Ал автобус бірер минут ішінде түгі қалмай жанып кетті. Өрттің неден шыққанын енді арнайы комиссия анықтауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары