Мұқтаждарға үй алып берген халық қалаулысы түрмеге қамалды

Мұқтаждарға үй алып берген халық қалаулысы түрмеге қамалды

Мұқтаждарға үй алып берген халық қалаулысы түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
678
Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды. Бақытжан Ержановқа ірі көлемді  алаяқтық жасады және билік өкіліне күш көрсетті деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Аймақтың атымтай жомарты атанған азаматтың бұлай басы іске шатылып жатқанына көпшілік аң-таң. Өйткені тасқыннан кейін мүгедектерге үй алып беріп, үш бірдей ауданның елді мекендеріне өз ақшасына спорт аулаларын салып берген. Ақтөбедегі кигбоксинг федерациясын басқарған ол депутаттық мандатқа осыдан екі жыл бұрын ие болған еді. Енді тергеушілер халық қалаулысына ауыл шаруашылығы саласына бөлінген субсидиядан ақша жеді деп отыр. Сондай-ақ, тұтқындауға барған тәртіп сақшысына қол көтеріпті. Енді Бақытжан Ержанов тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.
“Хромтау аудандық сотының 2017 жылдың 19 қазандағы қаулысымен Б.У.Ержановқа қатысты өтінішхат қанағаттандырылып,  2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды”, – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Серіктес жаңалықтары