Қызметкерлері түн ортасына дейін жұмыс істейтін ведомстволар анықталды

Қызметкерлері түн ортасына дейін жұмыс істейтін ведомстволар анықталды

Қызметкерлері түн ортасына дейін жұмыс істейтін ведомстволар анықталды
ашық дереккөзі
290
Елімізде жұмыс уақытынан тыс қызмет ету дерегі Білім және ғылым мен Әлеуметтік қорғау министрліктерінде ең көп тіркелді.Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әдетте жұмыс орындарында белгіленген нормадан бір-екі сағат артық отыратыны анықталды. Тіпті түн ортасына дейін жұмыс істейтіндер бар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай заңбұзушылықты анықтады. Еңбек кодексін Астана қаласының әкімдігі де елей қоймайды. Жүргізілген рейд барысында мемлекеттік қызметкерлерге ауызша ескерту жасалды. «Заң бәріне ортақ. Жұмыс уақытынан тыс қалып, жұмыс жасауға тыйым салынған. Яғни олар заңмен белгіленген тәртіппен қалу керек. Басшылар өздерінің бұйрықтарымен қалдыруға құқылы. Жұмыстан тыс қалдыру шектелген заңмен. Яғни күніне екі сағаттан аспауы тиіс. Жұмыстан тыс қалып, артық жұмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметкерге ақылы ретінде немесе артынан демалыс күндерін беру арқылы өтелуі тиіс», – дейді ҚР МҚІСЖҚІА департамент директоры Равиль Төлебаев.

Серіктес жаңалықтары