290
Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын
Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады. Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады", – делінген жеделхатта.
"Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды", — деген Елбасы.
Соңында Қазақстан президенті әріптесіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.