5,5 мыңнан астам шақырым ақылы автожол пайдалануға беріледі

5,5 мыңнан астам шақырым ақылы автожол пайдалануға беріледі

5,5 мыңнан астам шақырым ақылы автожол пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
240
5,5 мыңнан астам шақырым ақылы автожол пайдалануға беріледі. Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ақылы автожолдарды енгізу туралы айтып берді. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда 2013 жылдан бастап жалғыз, ұзындығы 217 шақырымдық «Астана – Щучинск» ақылы автожол учаскесі қызмет көрсетеді. «Қазіргі таңда ол өзінің тиімділігін толық дәлелдеді. Автожолдың бұл учаскесін біз тек төлем алу есебінен, бюджет қаражатын тартпай-ақ, ұстап отырмыз», – деді ол. Осыған орай, ҚР ИДМ тек төлем алу есебінен жолдарды ақаусыз ұстауды көздейді. Дегенмен, жолдарды ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу жұмыстары мен оларды реконструкциялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар Р. Скляр биыл желтоқсан айында тағы үш учаске: «Астана –Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы–Қорғас» жолдары ақылы болатынын хабарлады. Қазіргі таңда нысандарда жұмыстар аяқталып жатыр. «Келер жылы 5,5 мыңнан астам шақырым ақылы автожолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, оларға да бюджеттік қаражат тартылмайды», – деп сөзін түйіндеді вице-министр.  

Серіктес жаңалықтары