Кедейлік қанмен беріле ме?

Кедейлік қанмен беріле ме?

Кедейлік қанмен беріле ме?
ашық дереккөзі
266
Бизнес-тренер және лектор Наталья Грейс өзінің “Грэйс заңдары” атты кітабында бізді бала күнімізден кедейлікке бағыттайтын бір нәрсені атады. Оны “Генетикалық кедейлік заңдары” деп атауды жөн көрген екен.Бұл туралы cluber.com.ua басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.  
Грейс былай дейді:
“Бала күнімде сыныптасымның үйінде болған кезде, үлкендер көріп қоймайынша диванның үстіне шығып алып секіретін едік. Бізді диванның бетіне жақын орналасқан пружиналар мен аспанға көтерілген шаң қуантатын. Араға 20 жыл салып құрбымның үйіне қонаққа бардым. Бұрышта тұрған әлгі диванды көріп қатты шошып қалдым. Ол айтарлықтай өзгермеген. Бірақ, құрбымның кедейлерше өмір сүріп жатқанына қайран қалдым. Ойша жаңа диван, орындық, айна бағасының қанша болатынын есептей бастадым. Айнаның бір шетін шоколад қағазымен орап қойған екен. Сөйлесіп отырып ойша керегені ағартып, түсқағазды өзгерттім. Шыбын жабысып қалған терезені жуып, диванның астынан шығып тұрған ағаштарды, сынған гүл ыдыстарын қоқысқа тастағым келді. “Бәлкім, ақшасы жоқ шығар?!” – деп жұбаттым іштей. Бірақ, миым маған қарсылық танытып, ағаш түсімен бірдей пленкі сатып алып, орындықтардың бетін жамап шыққым келді. Қайда қарасам да, қоқыс жатты. Оның үстіне үйдің іші кір екен. Кенет миым “Неге кедейлік кірмен қатар жүреді?” деп сұрады. Мен де осы сұрақты сіздерге қойғым келіп отыр. “Бәрібір” деген сөзді “былайынша бәрібір”, “сирек” деген сөздермен алмастырсақ, нәтиже болмайды. Кір – ақшаның жоқтығын емес, менталитетті білдіреді. Кір мен кедейлік қатар жүргендіктен, кедейлік те – менталитет. Жуылмаған бас та кедейлікті білдіреді. Мектебімде әдебиет сабағынан беретін Тамара Григорьевна есімді ұстазым болды. Ол – өте жақсы, ақылды әйел. Оның бір айтқан сөздерін мәңгілік есімде сақтап қалған едім. “Тоғышарлық дегеніміз – сервантта жаңа кесе тұрған кезде, ескісінен шай ішу” деп айтқан еді. Көптеген орыстың үйінде қара күнге деп ақша сақталған, сервантта жаңа кесе тұр. Бірақ, ақ күндер тым аз. Болашақты күтіп жүре беретін болсаңыз, ол ешуақытта келмейді. Мен кедей болудың, кір қожалақ болып жүрудің ұят екенін түсіндім. Тұрмыстық жағдай мен балалардың менталитетіне әсер ететін жағымсыз ойды өзіңізбен бірге көтеріп жүрген дұрыс емес. Қала сыртындағы саяжай сатып алу үшін 20 жылдан бері ақша жинап келе жатқан бір әйелді білемін. Ол екі қызын жалғыз өзі асырап келген екен. Қыздар ботқа жеп қана күн көрген. Қыздарының бірі, тіпті, тізесі шығып кеткен шалбарымен аулаға шығуға қатты ұялатынын айтқан болатын. Таңғажайыптың күшімен әлгі шалбары қызбен бірге өскен екен… Мемлекет жүйесі көп ақша табуға мүмкіндік бермейді деп айтпай-ақ қояйық. Мен жүйені емес, адамның миындағы “шіріктерді” айтып отырмын. Бірдей көлемдегі ақшаға жарасымды киім сатып алуға болады немесе кедейге тән киім киіп жүре беруге болады. Әлгі әйел өзі армандаған саяжайды сатып алған кезде, қыздары еш қуанған жоқ. Керісінше өздеріне бала бақытын сезінуге мүмкіндік бермеген аналарымен ұрысып өтті. Қыздар “Күлше қыз” комплексіне шалдыққан. Ескі жиһаз бен ескі ыдыстарды көріп үйреніп қалған қыздар өздеріне ақша қимайды. Бірнәрсе сатып алған сайын олар өздерін кінәлі сезінетін еді. Достар, бұл генетикалық кедейлік деп аталады. Ол қанға, сүйекке, адамның санасы мен жасушасына сіңіп кеткен. Лас үйді көріп өскен балалардың санасы кедейлікке үйреніп кетеді. Жасөспірімдік шақта олар ақша таршылығын сезіне бастайды. Антон Павлович Чехов та үйдің кірлеген бұрышы мен лас дәліз студенттерге дұрыс білім алуға кедергі жасайтынын айтып өткен болатын. Кір мен кедейлік адамды сәтсіздікке душар етеді. Кедейлікке ерегескен адам көп ақша табуы мүмкін. Бірақ, арасында күресуден шаршап, жеңіліс табатындар да бар. “Байлық та, кедейлік те ақылдың жемісі” деген сөздерді ерекше ұнатамын.

Серіктес жаңалықтары