Бердібек Сапарбаев: «Для галочки» жұмыс істеуді қойыңдар!

Бердібек Сапарбаев: «Для галочки» жұмыс істеуді қойыңдар!

Бердібек Сапарбаев: «Для галочки» жұмыс істеуді қойыңдар!
ашық дереккөзі
432

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жастар тәрбиесі жайлы айта келе «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Дариға Есмағамбетованың жұмысын сынға алды деп хабарлайды «Тілші».

«Нұр Отанда», «Жас отанда» барлығы «для галочки» жасалады. Теледидардан көрсетті, газеттерде жарияланды, сонымен болды. Әрі қарай түк жоқ", — деген Бердібек Машбекұлы жиналғандар арасынан Дариға Есмағамбетованы іздеді.

Алайда, басшысының орнына барлық сынды оның орынбасары Нұрхан Ағниязов тыңдады. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастарды формальдылыққа үйретуге болмайтынын жеткізді. «Балаларды алдауға үйретіп жатырсыздар. Формализм. Показуха», — деп кейіді облыс басшысы партия өкілі Ағниязовқа қарап. Әкімнің пайымынша, көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге жастардың көмегі керек. «Су тасқынынан зардап шеккендерге «для галочки» көмектестіңдер. Оларға үнемі көмектесу керек. Демалыс күндері құрылыс жасақтары Қурайлыға, Саздыға барып көмектессе қандай жақсы болар еді. Ол жерде көпбалалы отбасылар бар, жарымжан адамдар бар. Бұл бір жағынан тәрбие құралы ретінде жастардың өздеріне де жақсы», — деді Бердібек Сапарбаев. Облыс басшысы жастар ұйымдарының жұмыстарына қатысты жоғары және орта оқу орындарының басшыларына да сын айтты.

Серіктес жаңалықтары