712
Теңге нығая түсті
Теңге нығая түсті
Ұлттық валютаның 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 332,49 теңгені құрады.
Сейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда, доллар бағамы 2,95 теңгеге арзандаған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 331,94 теңге деңгейінде болса, ең жоғары бағам 333,5 теңгені көрсеткен.
Сауда көлемі 120,75 млн доллар болды. Айта кетейік, сейсенбі күні доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,44 теңге, күндізгі сессияда 334,73 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 334,94 теңге болған.