Қатерге тап болған журналистерге көмектесетін мобильді қосымша пайда болды

Қатерге тап болған журналистерге көмектесетін мобильді қосымша пайда болды

Қатерге тап болған журналистерге көмектесетін мобильді қосымша пайда болды
ашық дереккөзі
561
Алматыда журналистерге арналған Soz Sende SOS-қосымшасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа ақпараттық ресурс 3 бөлімнен тұрады. Ең бастысы журналист шұғыл жағдайда қалған кезде SOS тетігін басады. Оның әріптестеріне геолокациясы белгіленген шұғыл хабарлама түседі. Шұғыл ақпарат тек қосымшада ғана емес, бөлек сайтта да жария етіледі. Осылайша әріптестерінің штаттан тыс жағдайы туралы барлық журналистер білетін болады. Қосымшаның басқа бөлімдері журналистердің біліктілігін арттыруға бағытталған.  «Читалка» бөлімінде қажетті құқықтық ақпараттар сақталған. Мәселен журналисті ұстап әкеткен жағдайда ол қалай әрекет етеді немесе журналистің сауалына жауап келмей жатқан жағдайда, сот процесі кезінде журналистің қандай құқығы бар екендігі туралы ақпарат болады. «Мүмкіндіктер» бөлімінде журналистерге арналған бағдарламалар, стипендиялар, гранттардың RSS-жіберулері жинақталады. Soz Sende қосымшасын Сот репортерлері гильдиясы жасады. 2016 жылы ұйым өкілдері БҰҰ халықаралық коммуникациялық даму бағдарламасының  үйлестірушілеріне ұсыныс білдірген болатын. Қосымшаны жасау үшін гильдия 7 мың АҚШ долларын ұтып алды. Soz Sende журналистерге арналған мобильді қосымша БҰҰ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарында көзделген мәселелердің үдесінен шығып отыр.  

Серіктес жаңалықтары