«Мен  өмірді қалаймын!»

«Мен  өмірді қалаймын!»

«Мен  өмірді қалаймын!»
ашық дереккөзі
702
Қызылорда ОІІД  ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа «Мен  өмірді қалаймын!» тақырыбындағы обылыстық шығармашылық  жұмыстар сайысына Жарнамалық ұрандар: 1.Тоқта!Сақтан!Жолама! Темекі тартқан оңа ма?!   2.Тоқта,сақтан,есірткі! Көрмеймісің кесірді?!   3.Есалаңға ермейміз! Денсаулықты бермейміз!   4.Жанып тұрған алаумыз! Біз өмірді қалаймыз!       Мен өмірді сүйемін!   Болашаққа бағдарым: Тілім,дінім-арманым! Салт-дәстүрім,тарихым, Баба арманын жалғармын. Мен өмірді сүйемін! Ұлы дала төсінде Табиғатпен етене Араласып гүл терген Мен-қазақтың баласы. Мен өмірді сүйемін! Жеті атасын ұлықтап, Қымыз ішіп құрықтап Тай,құлынды меншіктеп Сайын дала төсінде Жүйрік мінген мен балаң! Мен өмірді сүйемін!   Ата-баба салтымен Салт-дәстүрім, ғұрпымен Таза ұстап бойымды, Іске асырам ойымды. Мен өмірді сүйемін! Замандас,құрбы-достарым, Мына бейбіт өмірде, Білім үйрен жерінбе! Білекке сенер заманда Дес бермеген жауына, Жауынгер батыр ерлердің Ұрпағымыз білдің бе? Білімге сенер заманда Қалыс қалу қатардан Біз ұрпаққа саналы Жараспасын сездің бе? Сенім артқан ұрпаққа Талай асыл ағалар, Ағалардың арманын Тәуелсіз туған елімде Іске асыру біз үшін Айқын міндет,достарым! Осындай асыл ел үшін, Ата-баба арманы Орындалған кез үшін Мен өмірді сүйемін!    

  Біздің отбасымыз есірткіден алыс!

Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы

Отбасы- сыйластықтан, тату- тәтті өмір сүретін қарапайым жандардан құралған шағын мемлекет. «Отан- отбасынан басталады» деген ұғым бұрыннан қалыптасқан. Бұз сөздің мән- мағынасы өте тереңде жатыр. Алғаш бала ес жиып, айналадағы болып жатырған нәрселерді қабылдай бастағаннан оған дұрыс тәрбие беру әрбір отбасы мүшелерінің басты міндеті деп есептеймін. Менің де асқар тауым әкем, аяулы анашым мен қамқор бауырларымнан құралған қарапайым отбасым бар. Ата- анам бізді адамгершілікке, жауапкершілікке баулып, зиянды заттардан аулақ болуымызды қадағалап өсірген. «адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай атамыз айтқандай біздің қандай адамдармен араласып не үйреніп жүргеніміз ата- аналарымызды алаңдататын мәселелердің бірі. Соның ішінде шылым, есікрткі секілді денсаулыққа зиян әкелмесе пайда әкелмейтін заттар қазіргі таңда бала тәрбиелеп отырған әрбір азамат үшін басты мәселе болып табылады. ХХІ ғасырдың дерті атанған есірткі- адамның сана- сезімін, ақыл ойын, рухани дүниесін улап қана қоймай ақыр соңында өлімге апаратын ең ауыр дерттің бірі. Ақпараттық деректерге қарағанда есірткі грек тілінде «narke»- ұйқы деген мағынаны білдіреді, жалпы айтқанда ұйықтату, жансыздандыру болып табылады. Оны әр адам қолдана бермейді. Көбінесе, отбасында жеткілікті тәрбие алмаған ересек балалар немесе тағдыр- тауқыметін тартқан, рухани және физикалық әлсіреуге ұшыраған адамдар қолданады. Қазіргі таңда ғылыми технологиялардың дамыған заманы. Әрбір баланың қолында бір-бір смартфон бар. Олар немен айналысып, кіммен сөйлесіп жатқандығын қадағалап отыру- ата- ананың басты міндеті. Есейіп келе жатырған бала нені қабылдаса соны дұрыс санап бойына сіңіреді. Достарынан, айналасындағы адамдардан әсер алады. Адамдардың бір жаман қасиеттерінің бірі нәпсі құмарлық пен қызығушылық. "Не болады дейсің, бір-ақ рет дәмін татып көрейін" деген селсоқтықтың нәтижесінде көп адамдар есірткіге қалай тәуелді болып қалғанын да байқамай қалады. Нашақорлықты емдеуден гөрі  оның алдын алу керек. Ең дұрысы- оны мүлде пайдаланбаған жөн. Мен Аллаға сансыз шүкірлік айтамын. Себебі, біздің отбасымыз есірткіден алыс. Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы. Берік отбасы, мықты мемлекет атануымыз үшін есірткіні пайдаланбақ түгілі оны түп тамырымен жою- болашақ ұрпақтың басты міндеті болуы шарт.  

Аудан: Қармақшы

Ауыл: ІІІ Интернационал

Аты-жөні: Сарыбаева Даяна

 

Серіктес жаңалықтары