262
Қарағандыда қараусыз қалған 3 жасар бала "белизна" ішіп қойған
Қарағандыда қараусыз қалған 3 жасар бала "белизна" ішіп қойған
Ойын-сауық орталығында белизна ішіп, өңеші күйіп қалған үш жасар бала Қарағанды балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға «Сафари» ойын-сауық кешенінде болған. Белгілі болғанындай, жеті-сегіз жасар балалар химикаттармен ойнап жатқан. Ата-анасының қадағалауынсыз қалған үш жасар қыз олардың қасына барып, абайсызда стақандағы химиялық сұйықты ішіп қояды. Артынша қатты айғайлап жылай бастайды. Көмейі мен өңеші күйіп қалған баланы лезде Қарағанды балалар ауруханасына жеткізеді.
«Бала жансақтау бөлімінде емес, ол есін біледі», - деді ауруханадағылар. Ал ойын-сауық орталығы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Дегенмен баланың әкесі Қарағанды ІІД Орталық полиция бөліміне ойын-сауық кешенінің әкімшілігін қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп, арыз жазған.