Қарағандыда 24 жастағы кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті

Қарағандыда 24 жастағы кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті

Қарағандыда 24 жастағы кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті
ашық дереккөзі
297
Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 24 жастағы бизнесменді алтыншы тәулік қатарынан іздеп жатыр. Оны үйінде жары мен баласы күтіп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz [f,fhkfls7 
Әлішер Тұрағұлдың жеке ЖШС-сы бар. Ол бірнеше жылдан бері мемлекеттік сатып алуларға қатысып, әртүрлі мекемелер үшін азық-түлік тауарларын саудалайды. Жоғалып кетер алдында ол Қарқаралы ауданының ауруханасына тауар жеткізуі тиіс болған. Әйелінің айтуынша, ол 24 қазан күні кешкі 23:00-де әйелімен бірге кешкі ас ішкен соң, жолға шығып кеткен. “Ол таксимен кетіп, тауарды жеткізген соң Нұркен ауылындағы ата-анасына соғамын деген. Кейін оның тауарды да жеткізбегенін және ата-анасының үйіне де бармағанын білдік. Ол туралы ешкім ештеңе білмейді”, – дейді әйелі. Қазіргі таңда облыстық ішкі істер депараменті бизнесменді іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары