Қазақстан Қытаймен бірлесіп көркем фильм түсіреді

Қазақстан Қытаймен бірлесіп көркем фильм түсіреді

Қазақстан Қытаймен бірлесіп көркем фильм түсіреді
ашық дереккөзі
325
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. Шара барысында «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясы мен «ССТV-7» телеарнасы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында екі жақ бірлесіп көркем туынды түсіру жайлы келісімге келді. Бұл қазақстандық және қытайлық телевизияның бірлесе отырып түсіретін тұңғыш киножобасы болмақ. Шараның мақсаты - телевизия саласында екі ел арасындағы мәдени байланысты дамыту. Оқиға Қазақтың мемлекеттік консерваториясын бітірген, қазақтың өнерлі жігіттері Айдар мен Парасаттың тағдыры жайлы. Фильм тұтастай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдеп-ғұрпына, қазақы қарым-қатынасқа арналған. Фильм режиссері Жаң Бо: «Бұл фильм нағыз махаббат пен шынайы достық жайлы. Сондай-ақ, кейіпкерлер арқылы қазақтың ертеден келе жатқан ән-би өнерін толығымен қамтиды. Қазақ халқына деген құрметімді осы фильм арқылы жеткізгім келеді. Бұл киножоба Қытай мен Қазақстан халықтарының достығын нығайтумен қатар, кино өнерінің жарқын туындысы болатынына сенемін», - деді. Режиссер Жаң Бо мырза қазақтар қоныстанған Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген, жастайынан қазақтың ән-күйіне қанығып өскен азамат. Болашақ кинотуынды тек Шыңжаң өлкесінде ғана емес, Астана мен Алматы қалаларында түсірілетін болады. Актерлер мен түсірілім орындарын таңдауға, өндірістік және шығармашылық жұмыстарды корпорация қызметкерлері қытайлық әріптестермен бірігіп жасайды. Сондай-ақ, осы аптада корпорация басты рөлдерді сомдайтын кейіпкерлерге кастинг жариялады, әзірге 100-ден астам өтініш келіп түсті. Фильмге жұмсалатын қаражат қытайлықтардың тарапынан болмақ. Киножоба қазақтың өнерін шетелдерде насихаттап қана қоймай, миллиардтаған көрерменге жол тартады.  

Серіктес жаңалықтары