277
Қазақстанның Франциядағы елшісі тағайындалды
Қазақстанның Франциядағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненов Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.