379
Алматы мен Рига арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Алматы мен Рига арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Латвия елінің airBaltic ұлттық компаниясы келесі жылы Рига мен Алматы арасында тікелей әуе рейсін ашуды көздеп отыр. «Қазірден бастап airBaltic келесі жылы Алматыға ұшақ ұшыра бастайтынын нақты айтуға болады.
Ол рейс Алматы мен Риганы байланыстырады. Биылғы жылы біз жаңа Bombardier CS 300 ұшақтарын алып келдік. Латвия арқылы 60 елге тікелей рейпен ұшуға болады», – деді Латвия Көлік министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманс Астанада өтіп жатқан Х «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеует жөніндегі халықаралық конференция барысында. Ол өз сөзінде еуразиялық тасымалды артыру үшін халықаралық серіктестікті дамыту жұмысына баса маңыз беріліп отырғанын атап өтті. «Латвия қашан да Литва, Эстония, Ресей, Беларусь,Қазақстан секілді елдермен қарым-қатынас орнатуға ашық. Біз қашанда өзара тиімді серіктесті қолдайтын боламыз», – дейді Улдис Рейманс.