403
Назарбаев пен Путин телефон арқылы не талқылады?
Назарбаев пен Путин телефон арқылы не талқылады?
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Президенттер, сондай-ақ, биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын қарастырды.
Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды.