Бельгия полициясы Каталония көшбасшысын тұтқындады

Бельгия полициясы Каталония көшбасшысын тұтқындады

Бельгия полициясы Каталония көшбасшысын тұтқындады
ашық дереккөзі
189
Биліктен шеттетілген каталон лидері Карлес Пучдемон Белгия полициясына берілді. Бұл жөнінде Белгияның VRT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Белгия прокуратурасы Испания билігінен Пучдемон мен оның төрт жақтасын ұстауға ордер алған. Испанияның ұлттық жоғары соты Каталония басшылығынан шеттетілген Карлес Пучдемон мен төрт экс-министрді ұстауға халықаралық іздеу жариялаған. Оларға қарсы мемлекеттік бүлік шығарып, бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айыптар тағылған. Мадрид Бельгия прокуратурасынан каталондық саясаткерлерді ұстауға өтініш берген. Өткен жұма күні Карлес Пучдемон аймақтық сайлауға өзінің кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген. Бірақ сайлау кампаниясы шетелден жүретінін ескерткен. Саясаткер Каталония үкіметінің заңды екенін айтады.

Серіктес жаңалықтары