257
Шымкент агломерациялық орталық ретінде дамиды
Шымкент агломерациялық орталық ретінде дамиды
2030 жылдарға қарай Шымкент қаласы агломерациялық орталық ретінде жан-жақты дамитын болады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Қазіргі уақытта осы мақсаттағы өңіраралық жоба әзірленіп жатыр. Агломерация ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына Арыс қаласы мен іргелес 7 ауданның бірқатар аумағы қосылады.
Қазір бұл аймақта 1,8 миллион адам тұрады. Ал 2030 жылға қарай тұрғындар саны 2,3 миллионға жетуі тиіс. Ішкі миграция тек Шымкентке қарай бағытталмауы үшін контмагнит қала ретінде аудан орталықтары да тұрғындар үшін мейлінше ыңғайлы жасақталады. Шымқалада көлік кептелісі болмауы үшін айналма жолдар салынып, теміржол вокзалы қаланың сырт бөлігіне орналасады. Әзірленіп жатқан жоба желтоқсан айында Үкіметке ұсынылмақ.
«Агломерацияның тұрғын үй қоры 30,6 миллионнан 59 миллион шаршы метрге дейін өседі. Сол кезде әр адамға 26 шаршы метрден келетін болады. Сосын бүлдіршіндерді балабақшаман қамту 100 пайызға жетеді деп жоспарланған. Үш ауысымды мектептер де болмайды», – дейді Республикалық Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры Тұрлыбек Мұсабаев.