352
Мемлекеттік қызметкерлер жаңа әліпбимен жазуға кіріседі
Мемлекеттік қызметкерлер жаңа әліпбимен жазуға кіріседі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті мен оның аумақтық бөлімшелері латын әліпбиіне көшкелі жатыр. Ол үшін алдымен мемлекеттік қызметкерлер екі апталық курстан өтеді, деп хабарлайды Elorda.info порталы.
Оқытуды Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарындағы оқытушылар арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен өткен ведомствоның аппарат жиналысында осы мәселе қаралды.
Мәжіліс барысында латыншаға көшудің қажеттілігі қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты екені, бұл жұмыстың терең тарихи логикасы бар екендігі айтылды.
Қазіргі уақытта, осы әліпбиде барлық есептеу және телекоммуникациялық жүйелердің 99,99% негізделген. Соңғы онжылдықта ғылыми мақалалардың 75,2% латынша жарияланған.
«World Standards» және Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта латын әліпбиі 30 жоғары дамыған елдің 25-де қолданылады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Қайрат Қожамжаров грамматика ережелері бекітілгеннен кейін мемлекеттік қызметтің латынға көшіру барысын барынша қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.