232
Трамптың кортежіне бейәдеп қылық көрсеткен әйел жұмысынан қуылды
Трамптың кортежіне бейәдеп қылық көрсеткен әйел жұмысынан қуылды
АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне қолын шығарып, бейәдеп қылық көрсеткен велосипедші әйел жұмыстан қуылды, деп жазады РИА Новости Huffington Post басылымына сілтеме жасап.
Вирджиния штатында президент Трамп гольф-клубынан қайтып келе жатқанда түсірілген сурет әлеуметтік желіде кең таралып, қолданушылар түрлі мемдер сала бастады.
Алайда екі баланың анасы, 50 жастағы Джули Бриксмэннің басшылығы оның бұл әрекетін қатал сынға алып, суретті әлеуметтік желідегі профиліне шығарып қойғанын айыптаған.