390
Мемлекетке алақан жайып келген отбасының зәулім коттеджі бар болып шықты
Мемлекетке алақан жайып келген отбасының зәулім коттеджі бар болып шықты
Қазақстанда мемлекеттен атаулы көмек сұраған тұрмыс жағдайы төмен отбасының зәулім коттеджі мен қымбат көлігі бар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қызметкерлер анықтаған қызықты факті туралы айтып берді.
«Бес адамнан тұратын бір отбасының ешқандай табыс көзі жоқ, жинақ қорына ешқандай зейнеттік жарна аударылмаған. Нағыз аз қамтылған отбасы дерсіз», - деді вице-министр. Ал аталған мекенжайға барған әлеуметтік қызметкерлер «аз қамтылған», тұрмысы төмен отбасының жағдайын көріп, таң-тамаша болған.
«Сән-салтанатты зәулім үйде тұрады және қымбат көлік мінеді, бірақ табыс көзі еш жерде көрсетілмеген», - деп атап өтті Жақыпова.
Вице-министр өз табысын жасырып қалып, міндетті төлемдерді, жарналарды төлемейтін тұлғалармен күресу қажеттігін баса айтты.